Институттың базалық ғылыми платформасы ретінде кадрлық, ғылыми және инфрақұрылымдық әлеуеті зор «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ айқындалады.

Институт 1969 жылғы 1 желтоқсанда құрылған. Оның құрамында 5 зертхана, 4 сектор, 3 зертхананы қамтитын 1 құзырет орталығы, сондай-ақ катализаторлар шығаратын өндірістік цех және механикалық өңдеу цехы жұмыс істейді. Ғылыми ұжымда 112 ғылыми қызметкер бар, олардың ішінде ҚР ҰҒА-ның 2 академигі, 7 ғылым докторы, 27 ғылым кандидаты және 12 PhD бар. Қызмет жылдары ішінде өнеркәсіпке 225-тен астам әзірлеме енгізіліп, 80 монография мен 5000-нан астам ғылыми мақала жарияланды, авторлық куәліктер мен патенттердің ауқымды қоры қалыптасты.

жоғары