Бірінші кезеңде негізгі назар Институтты ұйымдастырушылық іске қосуға, материалдық-техникалық базаны дамытуға, аккредиттеу саласын кеңейтуге, зерттеу бағыттарын қалыптастыруға, жобалық топтарды іске қосуға, білім беру бағдарламаларын дайындауға және мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жолға қоюға аударылады.

Алдағы уақытта Институт Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнайхимия саласының мүддесі үшін зерттеулерді, сертификаттауды, инжинирингті және кадрлар даярлауды біріктіретін орнықты салалық институтқа айналуы тиіс.

жоғары